Ұлытау облысы
Ұлытау облысы — 2022 жылғы 8 маусымда құрылған Қазақстанның орталығындағы облыс.
Әкімшілік орталығы — Жезқазған қаласы.
Ұлытау облысы оңтүстігінде Түркістан, оңтүстік-батысында Қызылорда, оңтүстік-шығысында Жамбыл, батысында Ақтөбе, солтүстік-батысында Қостанай, солтүстігінде және шығысында Қарағанды облыстарымен шектеседі.
Әкімшілік бөлініс: Облыс 2 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаладан тұрады: Жаңаарқа ауданы, Ұлытау ауданы, Жезқазған қаласы, Қаражал қаласы, Сәтбаев қаласы.
Халық саны: 2026 жылғы 1 тамызға облыс халқының саны 217,7 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 173,3 мың адам (79,6%), ауылдықтар – 44,3 мың адам.
Салалық статистика:
2026 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1 278 519,7 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,4% көп.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 12,6% көбейді, өңдеу өнеркәсібінде – 6,5% көбейді, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 14,4% көбейді, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 33,6% көбейді.
2026 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 32 795,4 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 0,5% көбейді.
2026 жылғы қаңтар-шілдеде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы көлемі 7 575,8 млн. т-км-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылдың қаңтар-шілдемен салыстырғанда 104,3% құрады.
Жолаушы айналымы көлемі – 458,7 млн. ж-км-ді құрады, немесе 2025 жылдың қаңтар-шілдемен салыстырғанда 86,4% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қыркүйекке жағдай бойынша 2903 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,3% азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 2811 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 2635 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 2543 бірлікті құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 2002 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,7% азайды.