Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие. Ақша бірлігі – теңге.

Қазақстан халқының саны 18,87 миллион адамнан асады. 2020 жылдың басында қоғамның этникалық құрамы төмендегідей болды: қазақтар - 68,51%, орыстар - 18,85%, өзбектер - 3,25%, ұйғырлар - 1,47%, украиндар - 1,42%, татарлар - 1,08%, немістер - 0,95%, өзге ұлттар - 4,47%.

2 млн. 724,9 мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан еліміз әлем елдері арасында жерінің көлемі бойынша тоғызыншы орында. Солтүстігі мен батысында еліміз Ресеймен – 7 591 шақырым (әлемде құрғақтағы ең ұзын үзіліссіз шекара), шығысында Қытаймен – 1 783 шақырым, оңтүстігінде Қырғызстанмен – 1 242 шақырым, Өзбекстанмен – 2 351 шақырым және Түркіменстанмен – 426 шақырым шекара арқылы шектеседі. Құрғақтағы шекарасының жалпы ұзындығы – 13 200 шақырым.

Қазақстан – әлемдік мұхитпен тікелей жалғаспайтын әлемдегі ең ірі ел. Ел аумағының ауқымды бөлігін – 44%-ын шөлдер және 14%-ын шөлейтті жерлер алып жатыр. Далалық жерлер Қазақстан аумағының 26%-ын, орман-тоғайлар 5,5%-ын құрайды. Қазақстанда 8,5 мың өзен бар. Каспий акваториясының солтүстік-шығыс бөлігі республика шегіне кіреді. Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан арасында бөлінген. Қазақстанда үлкен және шағын 48 мың көл бар. Оның ең ірілері – Арал теңізі, Балқаш, Зайсан және Алакөл. Мұхиттардан алыстығына байланысты елдің ауа райы күрт континентальды болып келеді.

Еліміздің минералдық-шикізаттық базасы 5000-нан астам кен орнынан құралады, олардың болжамды құны ондаған триллион АҚШ долларына бағаланады. Республика әлемде мырыш, вольфрам және бариттің барланған қоры бойынша – бірінші орын, күміс, қорғасын және хромит қоры бойынша – екінші, мыс және флюорит бойынша – үшінші, молибденнен – төртінші, алтын қоры жөнінен алтыншы орын алады.

Қазақстан әлемдегі ең жетекші астық экспорттаушылар ондығына кіреді және ұн экспорттаудан да көш бастаушылардың бірі саналады. Егін шаруашылығы солтүстікте дамыған – егістіктің 70 %-ы бидай, арпа, тары сияқты дәнді және техникалық дақылдарға тиесілі. Елдің оңтүстігінде күріш, мақта, темекі өсіріледі. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің бауларымен, жүзімдіктерімен және бақша өнімдерімен де мәлім. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы мал шаруашылығы болып саналады.

Экономиканың барлық саласындағы тұрақты өсім, халықаралық деңгейде мойындалу, саяси тұрақтылық қазіргі Қазақстан қоғамының өсіп-өркендеуінің негізіне айналып отыр. Қазақстан – өзінің мәдени дәстүрлерін сақтаған және зор жасампаз әлеуетін қазіргі әлемде табысты жүзеге асырып отырған, болашаққа ұмтылған ел. 

әлем рейтингі

Әлемдегі 7 рейтинг және
Қазақстанның солардағы орны

1
10
20
30
40
50
60
70
80
90
100
72
орын
Даму индексі бойынша
49
орын
Ұлттық брендтер рейтингі
72
орын
Бейбітшілдікке ұмтылу
57
орын
Әлемдік бәсекелестік индексі
41
орын
Экономикалық еркіндік рейтингі
74
орын
Қоғамдық прогресс рейтингі
87
орын
Қайырымдылық рейтингі

Даму индексі бойынша

72 орын
Өткен жылы бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 11 орынға көтеріліп (83-тен 72-ге), қазір Эквадор мен Оман мемлекеттерінің арасында орналасты. Зерттеу барысында 149 мемлекет қамтылған. Индексті жүргізу 2006 жылдан басталғанын ескерсек Қазақстан Республикасы 20 пунктке көтерілген екен. «Дамып келе жатқан» бағыттар қатарында – білім саласы (35 орын) мен экономика (46 орын). Былтырғы рейтингпен салыстырғанда 6 орынға төмендеген «жеке еркіндік» 128 орында. Десе де «әлеуметтік капитал» 24 пунктке көтеріліп 85-ші орынға ие болған. «Бизнес орта» - 53, «басқару» - 99, «денсаулық» - 60, «қауіпсіздік» - 55, ал «қоршаған орта» - 95 орынға жайғасты.

Ұлттық брендтер рейтингі

49 орын
Ұлттық бренд құныдылығы 6 пайызға артса да, аталмыш рейтингіде 2016 жылы Қазақстан 49 орынды иеленген. Содан бері бұл көрсеткіш бойынша алатын орнымыз 4 пунктке төмендеді. Қазір «Қазақстан» бренді құны 154 млрд. АҚШ долларына сәйкес деп танылып, еліміз Перу мен Мажарстан арасында тұр.

Бейбітшілдікке ұмтылу

72 орын
Қазағым қой аузынан шөп алмас болса да бұл рейтингіде әлі де еңселі емес екенбіз – 72 орын! Мемлекетімізді Перу мен Греция арасына орналастырған бұл көрсеткіш 163 мемлекетте зерттелген екен. Рейтингіде бірнеше мәселе қаралған екен. Қазақстан тұрмыстағы зорлық, қарудың қолжетімділігі, саяси тұрақсыздық және қауіп төндіретін шерулер деңгейі бойынша көш соңында. Бірақ ішкі тұрақтылық, босқындар саны, қару жарақтың экспорты мен импорты, әлемдік қақтығыстағы адам шығыны деген көрсеткіштер бойынша өте жақсы көрсеткішке иеміз.

Әлемдік бәсекелестік индексі

57 орын
Осы бір кешенді зерттеуге әлемнің 137 мемлекеті қатысқан екен. Сұрыптау барысында инфрақұрылымның даму деңгейі, макроэкономикалық орта, денсаулық сақтау және білім беру салаларының дамуы, технологиялық сауаттылық, нарық мөлшері сондай-ақ қаржылық тиімділік сияқты көрсеткіштер ескерілген. Жанына Филлипин мен Руанда мемлекеттерін жинаған Казақстан Республикасы 57 орынға ие. Шолу жасағандар бизнес жүргізудегі қиындықтардың қатарына қаржы көздерінің қолжетімді болмауы мен жұмысшы топтардың сауаттылығын жатқызыпты. World Economic Forum көптеген есептер беруде. Мысалы, 2016-2017 жылдары жол сапасы бойынша Қазақстан 108-ші позицияға орналасқан.

Экономикалық еркіндік рейтингі

41 орын
2018 жылы «Фонд наследия» қоры Қазақстанды Ямайка мен Колумбия арасына 41 орынға жайғастырған болатын. Рейтинг 4 топқа жіктелген 12 көрсеткіш бойынша жасалған: заң ұлықтылығы, үкімет көлемі, басқару тиімділігі мен нарықтың ашықтығы. Өткен жылдың қорытынысына сүйенсек, Қазақстан 4 параметр бойынша жақсарған. Олар – үкіметтің интеграциялануы, сот ісі өндірісінің тиімділігі, еңбек пен инвестиция еркіндігі. Өз орнында қалған «қаржылық еркіндік» көрсеткішінен басқаларының барлығы төмендеген.

Қоғамдық прогресс рейтингі

74 орын
Қазақстан Республикасы 100 бал ішінде 66,01 деген үлеске ие болып, 128 мемлекет арасында 74 орынды иемденген. «Адам қажеттілігі» бойынша 61 орын, «әл-ауқат» бойынша 90-шы, ал «мүмкіндіктер» көрсеткішінде 68-ші екен.

Қайырымдылық рейтингі

87 орын
Жомарттықты жадынан тастамайтын Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша 87 орынды иеленген. Қайырымдылық шараларына халқымыздың 30 пайызы тұрақты түрде қатысады екен. Еуропаның Чехия, Португалия, Мажарстан, Словакия және Польша сынды белді мемлекеттерінен де озықпыз. Ауыз толтырып айтатын жағдай.